27 қазан 2023 10:03

Қазақстандық кәсіпкерлерге 2,4 миллиард теңге қайтарылады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бас көлік прокуратурасы бизнес субъектілерінің құқығына нұқсан келтіретін деректерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас көлік прокуратурасы бизнес субъектілерінің құқығына нұқсан келтіретін деректерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылдан бастап қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлеу бойынша міндеттемелер өзгертіліп, кәсіпкерлердің жекелеген санаттары экологиялық төлемдерден босатылған.

"Осыған қарамастан, бұл мән-жайларды білмей, кәсіпкерлер тиісті төлемдерді жүргізуді жалғастырды, ал салық органдары олардың негізсіз шығындарын болдырмау мақсатында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген. Мысалы, осындай төлемдерді төлеушілер санатына кірмейтін "№3 Sk автовокзал паркі" ЖШС мемлекеттік бюджетке 15 миллион астам теңге төлеген.

Сол сияқты басқа 2 203 кәсіпкер де бюджетке негізсіз 2,4 миллиард теңгеден жоғары қаражатты аударған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Көлік прокуратурасы органдарының араласуынан кейін ғана, кәсіпкерлерге оларды осындай алымдарды төлеушілер тізімінен алып тастағандығы туралы жеткізілді.

Сонымен қатар, көлік прокуратурасының актісі бойынша кәсіпкерлерге ақшалай қаражатты қайтару бойынша жұмыс басталған, 500 артық кәсіпкерге шамамен 30 миллион теңге қайтарылды.

"Мемлекеттік кірістер комитетіне салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпаратты бизнес қауымдастыққа тиімді жеткізу жөніндегі шараларды әзірлей отырып, осындай жағдайдың туындау себептерін талдау тапсырылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram