Қазақстандық кәсіпорынға табиғатты ластағаны үшін 2,9 миллиард теңге айыппұл салынды

Фото:gov.kz

Ақтөбеде табиғатты ластағаны үшін кәсіпорынға 2,9 миллиард теңгеге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Ақтөбеде табиғатты ластағаны үшін кәсіпорынға 2,9 миллиард теңгеге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Ақтөбенің табиғат қорғау прокурорлары "Восход Хром" ЖШС-нің қызметінде Хромтау ауданында хром кенін өңдеу кезінде заңбұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, кәсіпорын 2022 жыл ішінде міндетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс жасаған.

"Тиісінше, осы кезеңдегі барлық эмиссиялар, бұл атмосфераға 52 тоннадан астам ластаушы заттардың шығарындылары (бейорганикалық шаң, 3 валентті хром, магний оксиді және т.б.), сондай-ақ жалпы 395 мың тоннакөлемінде орналастырылған ірі кесек және шламды байыту қалдықтары нормативтен жоғары, яғни заңсыз деп танылды. Табиғат қорғау прокуратурасының шараларымен кәсіпорынға экологиялық рұқсатсыз қызметті жүзеге асырғаны үшін, 2,9 миллиард теңгеден астам сомаға айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыға сот тәртібімен шағым жасалды. Облыстық соттың бірінші және апелляциялық сатылары айыппұлды заңды деп таныды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама