Қазақстандық компаниялар ЕО-ның Ресейге қарсы санкцияларына ұшырады

viewings icon
957
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Еуроодақ Ресейге қарсы он үшінші жеке және экономикалық санкциялар пакетін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ЕО кеңесінің баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

Еуроодақ Ресейге қарсы он үшінші жеке және экономикалық санкциялар пакетін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ЕО кеңесінің баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

Кеңес Ресейдің Украинаға қарсы соғыста әскери-өндірістік кешенін тікелей қолдайтын 27 жаңа ұйымды қосты. Бұл ұйымдардың кейбірі үшінші елдерде орналасқаны, олардың тізіміне Қазақстан да кіретіні атап өтілді. Басқа елдерге Үндістан, Шри-Ланка, Қытай, Сербия, Таиланд және Түркия кіреді.

Баспасөз хабарламасындағы мәлімет бойынша, осы елдердің компаниялары сауда шектеулерін айналып өтуге тартылған, ал басқалары Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешені үшін электрон компоненттерді әзірлеуге, өндіруге және жеткізуге қатысатын ресейлік ұйымдар.

Реклама
Реклама

"Оларға қосарлы мақсаттағы тауарлар мен технологияларға, сондай-ақ Ресейдің қорғаныс және қауіпсіздік секторын технологиялық тұрғыдан нығайтуға ықпал ететін тауарлар мен технологияларға экспорттық шектеулер күшейтіледі", - делінген хабарламада.

Жалпы алғанда, Украинаның аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін немесе қауіп төндіретін әрекеттерге қарсы ЕО шектеу шаралары қазіргі уақытта 2 мыңнан аса жеке және заңды тұлғаларға қатысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная