Қазақстандық құқық қорғаушы Вениамин Алаев қайтыс болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: ©Tengrinews.kz

Белгілі қазақстандық сарапшы, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғаушы Вениамин Алаев 43 жасында қайтыс болды. Қайғылы хабар оның Facebook парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белгілі қазақстандық сарапшы, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғаушы Вениамин Алаев 43 жасында қайтыс болды. Қайғылы хабар оның Facebook парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Вениамин енді арамызда жоқ, қоштасу уақытын кейін хабарлаймыз. Ол 17:00-де 12-ші қалалық ауруханада қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Құқық қорғаушының өлімінің себебі әзірге белгісіз.

Реклама
Реклама

Вениамин Алаев 2 топтағы мүгедек.

Ол 12 жылдан аса уақыт мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғаумен айналысады.

Қ.Иманалиев атындағы мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жетекшісі, жаңа буын құқық қорғаушылар коалициясының мүшесі болды.

2017-2019 жылдар аралығында Алматы қаласы әкімінің мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болды.

2019 жылдың шілдесінде ол БҰҰ-ға Қазақстандағы мүгедектердің жағдайы туралы баяндама жасады.

Tengrinews.kz редакциясы Вениамин Алаевтың отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная