ПОДЕЛИТЬСЯ
31 наурыз 2019 | 11:29
Қазақстандық қыз әлемнің ең үздік 50 сомельенің қатарына кірді
Қазақстандық Даяна Насырова Best Sommelier of the World-2019 байқауының қорытындысы бойынша 38-ші орынды иеленді. Бұл туралы Халықаралық сомелье федерациясының сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлемнің әр елінен келген сомелье мамандары Бельгияның Антверпен қаласында бақ сынады.
Биыл байқау 50-ші рет өтті және онда тұңғыш рет Қазақстан өкілі қатысты. Сонымен қатар, 21 жастағы Даяна Насырова ең жас қатысушы болды. Оның қарсыластарының арасында 60-тан асқан қатысушылар да болды.
"Байқауда 66 қатысушы болды, мен Ұлыбритания (бұл ел-шарапты тұтыну бойынша көшбасшылардың бірі және шарап біліміндегі көшбасшы), Чехия, Украина, Испания, Хорватия және т.б. елдер қатарынан 38-ші орынға ие болдым. Байқау тапсырмалары шарап өндіру, шарап өндіру технологиясы, күшті алкоголь, сыра, сигар, шай, су және кофе өндірушілер, сондай-ақ шараптың дегустациясы, белгіленген уақытта шарап заттаңбасына сәйкес шарап беру мәселелерін қамтыды", - деді Насырова.
Байқауда Германия өкілі Марк Алмерт жеңіске жетті.
Показать комментарии
Читайте также