14 ақпан 2019 | 09:31

Қазақстандық қыз Ресейде қаза тапты: Красноярск тұрғындары денесін үйіне қайтару үшін ақша жинады

Дина Муратова Редактор

Қазақстандық қыз Красноярскіде жол апатынан қаза болды. Оның денесін жергілікті тұрғындардың есебінен еліне қайтарады. Олар ақшаны бір тәулік ішінде жинаған,- деп хабарлайды "Красноярск онлайн".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық қыз Красноярскіде жол апатынан қаза болды. Оның денесін жергілікті тұрғындардың есебінен еліне қайтарады. Олар ақшаны бір тәулік ішінде жинаған,- деп хабарлайды "Красноярск онлайн".

23 жастағы Валентина 11 ақпанда қаза болды. Ақпарат бойынша, Toyota Wish көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жол өткелінде ызға жол бермей, солға қарай жүрген, нәтижесінде ол қарсы бағытқа шығып кеткен. Қыз қорыққанынан жаяу жолға қарай жүгірген, бірақ көліктің астында қалған. Алған жарақаттан ол сол жерде қаза тапқан. Қыз Красноярскіге бір жыл бұрын келіп, туыстарының үйінде тұрып жатқан.

Реклама
Реклама

Жол апатынан кейін қыздың туыстары оның Қазақстанның азаматы екенін айтқан. Оның денесін еліне қайтару үшін жергілікті тұрғындар ақша жинау туралы хабарландыру жасаған. Бұл үшін 100 мың рубль жеткілікті болды. Көмек жасау үшін құрылған топ өкілдерінің айтуынша бір күннің ішінде керекті қаражат жинаған. Шағын ауданның тұрғындары 113 мың рубль жинап берген.

"Біз бірігіп қыздың денесін еліне жеткізу үшін керекті қаражатты жинадық. Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Қала әкімдігі де көмектеседі деп ойлаймыз", - деді құрылған көмектесуші топ.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная