ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 22 шілде 2026 16:53
Хирург қазақстандық қызға сәтсіз жасалған ерін үшін ақша төлейтін болды
Қостанай қалалық соты қазақстандық әйелдің ақшаны қайтару және моральдық зиянды өтеу туралы талап арызын қарады. Осыдан екі жыл бұрын ол ерніне пластикалық ота жасатып, нәтижесіне көңілі толмаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ота әйелге 120 мың теңгеге түскен. Бірнеше айдан кейін 90 000 теңгеге қайта ота жасалған.
Хирургиялық араласудан кейін пациенттің жоғарғы ернінде тыртықты деформация пайда болған, өйткені артық тіндер алынып тасталған. Бұл әйелдің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірген. Сарапшылар жасалған оталар мен оның салдары арасында тікелей себеп-салдарлық байланыс бар деген қорытындыға келді.
Сондай-ақ тексеру барысында отаны жасаған хирургтың "Пластикалық хирургия" мамандығы бойынша сертификаты және медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы жоқ екені анықталды.
Сот талап арызды ішінара қанағаттандырды. Жауапкерден ота үшін төленген 210 000 теңге, моральдық зиян ретінде 700 000 теңге және сот сараптамасын жүргізу шығындары үшін 457 000 теңге өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Қазақстанда пластикалық оталар мен басқа да эстетикалық процедуралардан кейінгі асқыну жағдайлары жиі талқыланып жүр. Бірақ зардап шеккендердің көбі сәтсіз араласудан кейін не істеу керектігін және өз құқықтарын қалай қорғауды білмейді. Клиникадан емделу шығындарын, моральдық зиянды өндіріп алу және процедура ақысын қайтару мүмкін бе? Толығырақ материалдан оқыңыз.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу