Кеше | 10:09

Қазақстандық мектептерде жаңа сабақ пайда болады

Фото ©️ Турар Казангапов

Қазақстандық мектептерде жаңа сабақ пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық мектептерде жаңа сабақ пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

"Оқу бағдарламасына буллингке қарсы іс-шаралардың бірі - "Қауіпсіздік сабағы" енгізіліп жатыр. Мұның барлығы отандық білімнің сапасын арттыруға, балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталған", - делінген ведомство хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, 87 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңа мектептерде қарсы алып жатыр. Жалпы 2024-2025 оқу жылы 536 мың оқушы орнына арналған 302 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Реклама
Реклама

Қыркүйектен бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға арналған 3,5 мың кеңес беру пункті өз жұмысын бастайды. Колледждерде оқитын 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 50 пайызға артқан. 1,7 миллион оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram