15 желтоқсан 2022 | 13:20

Қазақстандық мектептерде оқушыларға үйден тамақ әкелуге рұқсат берілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстанда мектеп асханалары өздерімен бірге тамақ әкелетін оқушыларға жағдай жасауға міндеттелді. Оқу-ағарту министрінің Қазақстандық мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру ережелері туралы бұйрығына өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда мектеп асханалары өздерімен бірге тамақ әкелетін оқушыларға жағдай жасауға міндеттелді. Оқу-ағарту министрінің Қазақстандық мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру ережелері туралы бұйрығына өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, ережеге "білім беру ұйымдарында білім алушыларға өзімен бірге әкелінген тамақпен тамақтана алуы үшін қажетті жағдайлар жасалады" деген жаңа тармақ қосылды.

Сонымен қатар, мектепте тамақтануды ұйымдастыру мектеп асханасында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін жабдықтар, жағдайлар болған кезде жүзеге асырылады делінген.

Реклама
Реклама

Білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі тауарлар конкурстық негізде сатып алынады. Мектеп асханаларында жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде асхана меңгерушісі, аспаз, асхана қызметкері лауазымдары енгізіледі.

Сонымен қатар, әлеуетті өнім берушілерге отандық өндірістегі азық-түліктің кемінде 60 пайызын сатып алу туралы талап жойылады.

Бұйрық 2022 жылғы 20 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная