Қазақстандық мектептердегі интернет мәселесінің шешімі табылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Қазақстандық мектептердегі интернет мәселесінің шешімі табылды Фото:elements.envato.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мектептердегі интернетке қолжетімділік мәселесін шешудің кешенді тәсілін енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мектептердегі интернетке қолжетімділік мәселесін шешудің кешенді тәсілін енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде мектептердің көпшілігі интернетке қосылған. Бірақ жергілікті немесе Wi-Fi желісінің жоқтығынан оқушылар интернетке қосыла алмайды.

"Осыған байланысты министрлік мектептерде жергілікті желі мен Wi-Fi нүктелерін ұйымдастырудың кешенді тәсілін іске асыруды ұсынады. Сымсыз кіру нүктесі 200 құрылғының бір уақытта жұмыс істеуін және барлық сыныптардың, зертханалардың, әкімшілік блоктың және мектеп ауласын интернетпен қамтамасыз етуі керек. 2023 жылдың соңына дейін Wi-Fi желілерінің жұмыс регламенті мен топологиясын бекіту ұсынылады", - деді Мусин.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама