Қазақстандық мұғалімдер миллиондаған ақшадан қағылған

viewings icon 284
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Шығыс Қазақстан облысындағы мектептердің мұғалімдері тиісті төлемдерін алмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысындағы мектептердің мұғалімдері тиісті төлемдерін алмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ШҚО Самар ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау барысында аудандағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне іссапар шығыстары төленбегенін анықтаған.

"171 мұғалімге ұзақ уақыт бойы заңмен қарастырылған іссапар төлемдері жүргізілмеген, жалпы сома 28 миллион теңгеден асты.

Мысалы, Самар ауылындағы мектептердің бірінің мұғаліміне 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы қаңтарға дейін 224 105 теңге мөлшерінде іссапар шығыстары төленбеген. Осындай жағдайлар ауданның басқа мектептерінде де болған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде заңбұзушылықтар жойылып, барлық ұстаздарға тиісті төлемдер толық көлемде жүргізілгені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная