26 қыркүйек 2018 09:09

Қазақстандық оқушыларға қысқа белдемше киюге тыйым салынуы мүмкін

©Хабар 24"

Қазақстандық оқушыларға қысқа белдемше, ашық киім мен қымбат әшекей тағуға тыйым салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық оқушыларға қысқа белдемше, ашық киім мен қымбат әшекей тағуға тыйым салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Мұндай мәлімдемені қоғамдық даму вице-министрі Арын Берік жасады. 

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, көптеген ата-ана оқушыларға хиджаб киюге тыйым салатынын, алайда қысқа киімге үндемейтінін айтып шағымданған. Арыздар тіпті Білім министрлігіне дейін жеткен. Министрлікте бұл мәселе қызу талқыға салынып жатқанға ұқсайды. 

Бас мүфти Ақтөбедегі орамалға қатысты дауға пікір білдірді

"Мектептерде діни киімге қатысты көп қарсылықтар болды. Алайда, қысқа белдемше кигендерге үн қатпады. Осыған қатысты біздің министр өкілдері Білім және ғылым министрлігіне ұсыныс білдірген еді. Олар бұған қатысты сәйкес өзгерістер енгізеді деп уәде берген", - дейді Арын Берік.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram