Қазақстандық олигарх өз-өзіне қол салмақ болған - БАҚ

Казинвестбанк акционері, олигарх Н?рлан Тілеубаев суицид жасама? бол?ан. О?и?а 2016 жылды? желто?санында бол?ан. Б?л туралы Exclusive журналы жазды. Алайда о?и?аны? м?н-жайы айтылмайды.

Казинвестбанк акционері, олигарх Нұрлан Тілеубаев суицид жасамақ болған. Оқиға 2016 жылдың желтоқсанында болған. Бұл туралы Exclusive журналы жазды. Алайда оқиғаның мән-жайы айтылмайды.

"Қазақстандық олигархтар неліктен суицид жасамақ болады? Өткен жылдың желтоқсанында Казинвестбанк акционері Нұрлан Тілеубаев өз-өзіне қол салуға әрекеттенген. Бүгінде оның жағдайы тұрақты. Енді біз астық өнімдері саласындағылардың суицидінің куәгері боламыз", - делінген мақалада.

Нұрлан Тілеубаев "Корпорация "АПК-Инвест" ЖШС иесі, "Зерновая страховая компания" АҚ-ның 50 пайыз акциясының иегері, "Холдинг "Алиби" ЖШС үлесікері, 2016 жылдан бастап "Казинвестбанктің" негізгі акционері болды. Ол қазақстандық Forbes рейтингінде 22-орында және 2016 жылдың ең беделді бизнесмендер рейтингінде 35-орында. Оның байлығы 256 миллион долларға бағаланып отыр, деп жазады басылым. 

Реклама
Реклама

Еске салайық,ҚР Ұлттық банкі "Қазинвестбанк" АҚ-ты банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берілген лицензиядан айыру туралы мәлімдеме жасаған болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама