04 қараша 2020 | 07:28

Қазақстандық отбасы құрт сатқан ақшасына үй салды

© khabar.kz

Батыс Қазақстан облысының Қазтал ауданында тұратын отбасы құрт сатқан ақшасына үй салды. Бұл туралы "Хабар" телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысының Қазтал ауданында тұратын отбасы құрт сатқан ақшасына үй салды. Бұл туралы "Хабар" телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ниетқабыловтар отбасы бірнеше жылдан бері құрт жасаумен айналысады. Жергілікті тұрғындар арасында олардың өніміне сұраныс жоғары.

Реклама
Реклама

Ниетқабыловтардың шаруашылығында 20 сиыр бар, жыл бойы сүтін сауады. Құрт дайындау процесін тездету үшін кәдімгі қол ет тартқышты пайдаланады. Ол арқылы құрт зауыттағыдай - тегіс әрі бір формада шығады.

"Балаларды еңбекке баулимыз, олар шаруашылықта көмектеседі. Әйелім екеуміз сиыр сауамыз. Қыста сүт аздау, бірақ біз бәрібір құрт жасауды тоқтатпаймыз", - деді Сарықұдық ауылының тұрғыны Дулат Ниетқабылов.

Күн сайын отбасы 400 құрт дайындайды. Арнайы дайындалған жылы бөлмеде кептіреді. Отағасы өнімді сату үшін апта сайын қалаға барады.

"1-2 мың данадан сатамыз, сұраныс жоғары. Біздің құртымызды Атырау тұрғындары да сұрайды", - деді ауыл тұрғыны Әлия Ниетқабылова.

"Біз 15 жыл ата-анамызбен тұрдық. Тек жыл бұрын ғана арманымыз орындалды - үйлі болдық. Мұның бәрі - шаруашылықтағы тоқтаусыз еңбектің арқасы. Ақша осындай қиындықпен келсе, әр тиынына дейін ұқыпты боласың", - деді Дулат Ниетқабылов.

Сүт бизнесімен айналысатын отбасының жоспары көп. Болашақта Ниетқабыловтар цех салып, құрт жасайтын жабдық сатып алғысы келеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная