11 ақпан 2021 12:16

Қазақстандық парақордың "эволюциясы" жайлы ролик түсірілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алушылардың "эволюциясы" туралы жаңа видеоролик жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алушылардың "эволюциясы" туралы жаңа видеоролик жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мен Jetysu Film киностудиясы түсірген. Видеоға "Дұрыс дамыңдар" деген атау берілді. 

"Мұндағы басты ой - азаматтарға әрбір адам стилі мен өмір жолын өзі таңдайтынын көрсету... Біреу өнегелі жол таңдап, адамдарға үлгі болады, ал екіншісі жоғары лауазымға ие болса, заңсыз әрекеттер жасай бастайды, нәтижесінде бұл "әлеуметтік жойылуға" әкеледі", - делінген видео сипаттамасында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram