29 сәуір 2022 | 14:40

Қазақстандық полиглот жігіт Хабиб Нурмагомедовке араб тілін оқытады

Камила Долаева Журналист
Видеодан алынған кадр

12 тіл білетін қазақ жігіті Хабиб Нурмагомедовке арабша үйрететін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

12 тіл білетін қазақ жігіті Хабиб Нурмагомедовке арабша үйрететін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 жастағы Мейіржан Таштай 12 тілді жақсы меңгерген. Үйреніп жүргені де бар. Қазақ, орыс, араб, түрік, өзбек, ағылшын, француз, итальян, испан, суахили, урду, корей, хинди, сомали, индонезиялық, қытай тілдері осы тізімде бар.

Тіл үйретумен айналысатын оның бүгінде оқушылары көп. Олардың қатарына жақын арада UFC экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов те қосылады. Бұл туралы Мейіржан Instagram-да бөлісті. 

Реклама
Реклама

"Ин ша Аллах Хабиб менімен онлайн түрде араб тілін үйренетінін айтты. Аллаға шүкір осы деңгейге жеткізгеніне", - деп жазды ол. 

Мейіржан Таштайдың сөзінше, ол Хабиб Нурмагомедовпен Меккеде танысқан. "Бірге ауыз аштық" дейді. 

"Хабиб соңғы кездесуде маған үйретші деп ұсыныс жасады. Ин ша Аллах бәлкім, Рамазаннан кейін жазып қалуы мүмкін", - деді ол.

Осыдан 3 жыл бұрын Мейіржан Таштай Tengrinews.kz тілшісіне тілдерді қалай үйрене бастағанын айтып берген еді. Ол кезде қазақ жігітінің тіл қорында жеті тіл болған. "15 тілде еркін сөйлегім келеді" деген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная