26 желтоқсан 2018 | 13:55

Қазақстандық полицейлердің жаңажылдық корпоративі болмайды

© tengrinews.kz

Қазақстан ішкі істер министрлігі жаңажылдық корпоратив өткізбейді. Бұл туралы министрліктің ішкі және сыртқы коммуникация департаментінің директоры Алмас Сәдубаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан ішкі істер министрлігі жаңажылдық корпоратив өткізбейді. Бұл туралы министрліктің ішкі және сыртқы коммуникация департаментінің директоры Алмас Сәдубаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бюджетте мұндай шараларға қаражат бөлінбеген. Бұл өңірлік полиция департаменттеріне де қатысты. Сонымен қатар, мерекені тойлау кезінде полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады және Жаңа жылды полицейлердің кейбіреуі өз отбасымен де қарсы ала алмайды", - деді Алмас Сәдубаев.

Реклама
Реклама

ІІМ өкілі полиция қызметкерлерінің әріптестерімен жиналып мерекені тойлауға шыға алатын, алайда бұл жұмыстан тыс уақытта және өз қаражатына болу керектігін айтты. 

Айта кетейік, осыған дейін қаржы министрі мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндер үшін жаңажылдық корпоратив жайлы сөз еткен еді. Әлихан Смайылов мемлекеттік қызметте жаңажылдық шараны тойлау деген мүлде жоғын айтты. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная