ПОДЕЛИТЬСЯ
15 ақпан 2024 | 17:42
Қазақстандық ірі компанияның тең иесі Виктор Долгалев қамауға алынды
ҚМА "Тиолайн" компаниясының тең иесі Виктор Долгалевке қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚМА "Тиолайн" компаниясының тең иесі Виктор Долгалевке қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
2024 жылдың 3 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері "Тиолайн" компаниясы иелерінің бірі Виктор Долгалевті жер қойнауын рұқсатсыз пайдаланғаны үшін ұстаған.
"Сот санкциясы бойынша, ол қамауға алынды. Қылмыстық іс одан әрі тергеу үшін ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне жіберілді. Сондай-ақ, В.Долгалевке қатысты аса ірі көлемде кіріс алу арқылы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2021 жылғы наурызда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі компанияның 38 миллиард теңгеге қаржылық және инвестициялық міндеттемелерін орындамауына байланысты "Обуховское" кен орнында жер қойнауын пайдалану бойынша келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатқан. Жоғарғы Сот құзіретті органның іс-қимылдарының заңдылығын растады.
"Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 маусымында сот шешімі бойынша, В.Долгалевке "Тиолайн" компаниясының мүлкін басқаруға тыйым салынды.
Осыған қарамастан, В.Долгалев өзінің бақылауындағы құрылымдар арқылы заңсыз тау-кен өндірісін жалғастырып, Қытайға және басқа елдерге сұр схемалар бойынша экспорттаған. Тек үш жыл ішінде (2021-2023 жылдары) 113 мың тоннаға жуық кен экспортталды", - делінген хабарламада.
Маманның қорытындысы бойынша, қылмыстық табыстың жалпы сомасы 26 миллиард теңгеден асқан.
"Бұл қаражатқа еншілес тұлғалар арқылы кен орнына іргелес жатқан 7,5 мыңға жуық гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер сатып алынып, ол жерде де заңсыз кен өндіру жүргізілген. Сонымен қатар, 2 миллиард теңгеге бюджетке төленетін салықтар мен төлемдерден жалтару деректері анықталды".
Қазіргі уақытта жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также