ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қазан 2022 | 17:06
Қазақстандық Ресейде әскери комиссариаттан шақыру қағазын алған
Санкт-Петербургте Қазақстан азаматына әскери комиссариаттан шақыру қағазы келген. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Санкт-Петербургте Қазақстан азаматына әскери комиссариаттан шақыру қағазы келген. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін Ленинград облысының өңірлік БАҚ-тарында Санкт-Петербургте тұратын 31 жастағы қазақстандық әскерге шақыру қағазын алғаны туралы ақпарат пайда болған. БАҚ мәліметінше, қазақстандық 2013 жылдан бері Ресейде тұрады, 2017 жылы тұруға ықтиярхат алған, бірақ Қазақстан азаматтығын өзгертпеген. Ол төлқұжатын көрсетіп, құжатқа қол қоюдан және әскери комиссариатқа барудан бас тартқан. Оның орнына қазақстандық елшлікке жүгінген.
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы азаматынан мұндай өтініш түскенін растады. Азаматтығын растайтын құжаты бар. Қазір екі елдің мәлімет базасында ақпарат тексеріліп жатыр.
"Мұндай жағдайлар болып тұрады, мәлімет базасында сәйкессіздіктер бар шығар. Адам Ресей территориясында делік, оның тұруға ықтиярхаты бар. Тұрғылықты жері - азаматтық емес, Қазақстанның азаматтығы әлі сақталады. Бірақ дерекқорда қате кеткен сияқты. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы азаматы өзінің құжатын әскери комиссариатқа көрсете алады немесе елшілікке тағы бір рет хабарласып, Қазақстан азаматы екеніне көзжеткізе алады. Бұл жерде еш қиындық жоқ, тек оның Қазақстан азаматы екенін заңды түрде дәлелдеу керек", - деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также