20 мамыр 2018 | 09:16

Қазақстандық Самал Еслямова Канн фестивалінде үздік актриса атанды

Қазақстандық Самал Еслямова 71-нші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды. Ол ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" атты картинасында басты рольді сомдаған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Фестивальдар сарайында өтті.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық Самал Еслямова 71-нші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды. Ол ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" атты картинасында басты рольді сомдаған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Фестивальдар сарайында өтті.

Жеңіске қол жеткізген Самал Еслямова режиссерге алғысын айтты. "Сергей, саған көп рақмет. Бұл зор құрмет", - деді ол.

Реклама
Реклама

"Айка" әлеуметтік драмасы Қырғызстаннан келген қыз жайында, ол Мәскеуде босанып, баласын перзентханада тастауға мәжбүр болады, картинада сол қыздың аналық сезімі мен қайғы-мұңы суреттеледі. Фильм бес компанияның қолдауымен түсірілген: "Кинодвор" атты Сергей Дворцевойдың студиясы, сонымен қатар, Германияның, Польшаның, Қытайдың, Қазақстанның компаниялары.


Сергей Дворцевой және Самал Еслямова. © РИА Новости/Екатерина Чеснокова


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная