30 қыркүйек 2021 | 11:49

Қазақстандық саясаткерлер мен олардың отбасыларының ақша операциясы тексеріледі

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің ақша операцияларын тексеру жоспарда бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің ақша операцияларын тексеру жоспарда бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттар Мәжіліске заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес бойынша түзетулер енгізді.

Мәжіліс депутаты Сергей Симоновтың айтуынша, ақшамен және басқа мүлікпен жасалатын операциялар бойынша мониторинг жүргізілетін адамдар тізімін Қазақстан Президенті бекітеді. Қаржылық мониторинг агенттігі бұл адамдардың, олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының жеке тізімін жасайды.

Реклама
Реклама

"Яғни, Қазақстанның мемлекеттік шенеуніктері мен олардың туыстары қаржылық мониторинг субъектілерінен тиісті қызметтерді алғаннан кейін, сонымен қатар шетелдік мемлекеттік қызметкерлерге қосымша тексеруден өтеді", - деді Симонов Мәжіліс отырысында.

Ол мемлекеттік шенеуніктерге жауапты мемлекеттік қызметтерді атқаратын адамдар тізіміне, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін басқаратын адамдар кіретінін айтты.

"ФАТФ-тың халықаралық стандарттарына сәйкес өз елінде мемлекеттік басқарудың жария функциялары берілген адамдар: мемлекет және үкімет басшылары, Үкіметтің аға қызметкерлері, сот және әскери қызметкерлер, көрнекті саяси қайраткерлер, сондай-ақ мемлекеттік корпорациялардың басшылары жатады. Арасында саяси партиялардың қоғамдық тұлғалары да бар", - деп түйіндеді ол.

Сондай-ақ, заң жобасы аясында "отбасы мүшелері" деген ұғым нақтыланады. Оған ерлі-зайыпты кіреді.

"Жақын туыстарға келетін болсақ, анықтама Неке және отбасы туралы кодекстен алынады. Ол жерде жақын туыстарға ата-ана, бала, аға-іні, апа-сіңлі, ата, әже, немере кіреді деп көрсетілген", - деп толықтырды Сергей Симонов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная