ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 11 ақпан 2024 09:42
Қазақстандық сейсмикалық станциялар жер сілкінісін тіркеді
Қазақстандық сейсмикалық станциялар жер сілкінісін тіркеді. Оқиға Алматыдан 849 шақырым жерде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі 11 ақпанда Алматы уақыты бойынша 06:37:07 жер сілкінісін тіркеді.
Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 849 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6. Магнитудасы MPV - 5.3. Тереңдігі – 30 шақырымда.
Қазақстан аумағында қалай сезілгені туралы мәлімет жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу