ПОДЕЛИТЬСЯ
09 мамыр 2023 | 11:07
Қазақстандық сиыр әлемдік сән басылымының бетіне шықты
Қарағанды облысындағы Зойка атты сиыр жергілікті фотографтың арқасында әлемге әйгілі Vogue сән журналының бетіне шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысындағы Зойка атты сиыр жергілікті фотографтың арқасында әлемге әйгілі Vogue сән журналының бетіне шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сән әлеміндегі ең көне басылым аптасына бір рет кез келген фотографтан екі фотосуретті қабылдайды.
"Олар жай ғана әдемі, жылтыр суретті қабылдамайды. Меніңше, оларға фотоның атмосферасы ұнады. Оны "Қыс" деп атадым. Себі сурет қыс мезгілін дәл жеткізеді", - дейді суреттің авторы, фотосурет мамандығы бойынша дипломы бар журналист Карина Кирина.
Карина балалар мен жануарларды суретке түсіргенді ұнатады. Қар басқан қызыл сиырды көріп, қасынан өте алмай қаған.
Сиырдың иесі бұл хабарлы естігенде таң қалғанын айтады.
"Әрине, таң қалдық. Сиырымыз сән журналына түседі деп кім ойлаған, бірақ біз оны табыннан ешбір жағдайда ажыратпаймыз. Менің барлық жануарларға деген көзқарасым бірдей және біз барлық жануарларға қамқорлық жасаймыз", – дейді мал иесі Қарқаралы аулының тұрғыны Мәулен Мұсабеков.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также