ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қазан 2020 | 17:36
Қазақстандық студенттер Ресейге тек ұшақпен бара алады - елшілік
Қазақстандық студенттер Ресейге тек ұшақпен бара алады. Бұл туралы Мәскеудегі Қазақстан елшілігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық студенттер Ресейге тек ұшақпен бара алады. Бұл туралы Мәскеудегі Қазақстан елшілігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елшіліктің сайтындағы ақпарат бойынша, Ресей үкіметінің 2020 жылы 20 қыркүйекте шығарған өкімімен Қазақстанның барлық азаматына, оның ішінде жоғары және орта оқу орындарында оқитын студенттерге әуе өткізу пункттері арқылы Ресейге шектеусіз кіруге рұқсат етіледі.
Құрлық шекарасында бұрынғы шектеулер сақталады, оның ішінде Ресейге оқу үшін баруға тыйым салу да бар.
Студент елге ұшып барғанда көші-қон картасында сапар мақсатын "оқу" деп өз бетінше көрсете алады, соның негізінде оқу орны келу уақытына оны тіркейді.
"Еске салайық, Ресейге үшінші елдер арқылы транзитпен келу үшін сол елде тұруға рұқсаты болуы керек. Мысалы, ҚР азаматы Ресейге Қазақстаннан емес, Түркиядан ұшуға шешім қабылдаса, ол Ресейге Түркияда тұруға ықтиярхаты болған жағдайда ғана кіргізілері", - деп атап өтті елшіліктегілер.
Рейстер аптасына екі рет - Air Astana және "Аэрофлот" әуе компанияларымен жүзеге асырылады. Ресейге келгендер коронавирусқа ПТР талдаудың теріс нәтижесі туралы анықтаманы көрсетуі тиіс. Тестілеу күні рейстің ұшуына дейін 72 сағаттан ерте болмауы керек.
Сондай-ақ, елшілік президенттің 2020 жылғы 18 сәуірдегі "Жаңа коронавирустық инфекцияның (COVID-19) одан әрі таралу қаупіне байланысты Ресей Федерациясындағы шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайын реттеу жөніндегі уақытша шаралар туралы" жарлығына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2020 жылдың 15 наурызы мен 15 желтоқсаны аралығында Ресейде тіркеуі немесе уақытша болуға рұқсат мерзімі аяқталған қазақстандықтар елде тіркелусіз еркін жүре алатынын еске салды. Осы кезеңде оларға қатысты айыппұл санкциялары мен депортация алынып тасталды.
Сондай-ақ, ҚР азаматтары 2020 жылдың 14 наурызынан кейін мерзімі өткен төлқұжат немесе жеке куәлікпен үшінші елдер арқылы транзитсіз Ресейден Қазақстанға келе алады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также