Қазақстандық университет атауынан "Елбасы" сөзі алып тасталады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:2gis.kz

Парламент Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаров қазақстандық университет атауынан "Елбасы" сөзі алып тасталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаров қазақстандық университет атауынан "Елбасы" сөзі алып тасталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулуарында депутат бұл жоспарлар "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" заңға енгізілген өзгерістерге байланысты екенін айтты.

"Бұл жеке мәселе. Қазақстанның арнаулы мемлекеттік органдары туралы заң нормаларын сақтау қажет болды. Заң "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде" оқыту мәселесін реттейді.

Сенаторлар осы университет атауындағы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Конституциялық Заңның қолданылуын тоқтата тұруға байланысты "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы" деген сөздерді "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстыруды ұсынды", - деді депутат Орынбасаров.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама