02 сәуір 2021 | 16:22

Қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы өңірлерге сәуірде жеткізіледі

Қазақстандық QazVac вакцинасының бірінші 50 мың дозасы сәуірде өңірлерге жеткізіледі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық QazVac вакцинасының бірінші 50 мың дозасы сәуірде өңірлерге жеткізіледі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сәуірде Биологиялық қауіпсіздік институтының базасында 50 мың доза көлемінде отандық QazVac вакцинасының бірінші партиясы шығарылып, өңірлерге жеткізіледі", - деді Тоғжанов Мемлекет басшысы қатысқан коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы кеңесте.

Реклама
Реклама

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарьяның айтуынша, клиникалық зерттеулердің үшінші сатысының 50 пайызы аяқталғаннан кейін 2021 жылдың 25 сәуірінде вакцинаның бірінші партиясы "СҚ-Фармация" қоймаларына жіберіледі.

"Қазақстандық вакцинаны уақытша тіркеуден өткеннен кейін шығара беруге болады. Уақытша тіркеуді 2020 жылдың 31 желтоқсанында алдық. Осы сәттен өндіріс басталды. Вакцина өндірілді, оны клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінің 50 пайызы аяқталғаннан кейін ел үкіметінің қаулысына сәйкес пайдалануға болады. Клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі (50 пайыз) 15 сәуірде аяқталады, содан кейін біз вакцинаны "СҚ-Фармация" қоймаларына жібереміз", - деді Закарья тілшімізге.

Оның айтуынша, бүгінде институт вакцинаның алғашқы тәжірибелік 50 мың дозасын шығарып қойған. Қазіргі уақытта QazVac зертханалық жануарлардың 3 түріне биологиялық бақылаудан өтіп жатыр.

"Өндіріске үшінші кезеңді толығымен аяқтау міндетті емес. Ресей, Америка, Германия және басқа елдер де сөйтеді. Олардың бәрі рұқсат алып, уақытша тіркеуден өткеннен кейін өндірісті бастады", - деп қосты Закарья.

Еске салайық, бұған дейін Күнсұлу Закарья QazVac вакцинасына сынақтың үшінші кезеңі қашан аяқталатынын айтқан болатын.

"Клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі нақты аяқталатын күн - 2021 жылдың 9 шілдесі. Осыдан кейін үш мың еріктіден алынған деректерді өңдеу бойынша үлкен жұмыс жүреді. Бұл шамамен 20 күнтізбелік күнді алады. Осыдан кейін біздің есеп толығымен Денсаулық сақтау министрлігіне жолданады", - деп хабарлады Закарья ОКҚ брифингінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная