ПОДЕЛИТЬСЯ
30 сәуір 2021 | 13:28
Қазақстандық вакцинация паспорты шетелде жарамды ма?
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинацияның қазақстандық паспорты басқа елдерде жарамды ма жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинацияның қазақстандық паспорты басқа елдерде жарамды ма жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстандық COVID-паспорты шетелде жарамды ма?"- деп халыққа есеп беру кездесуінде тұрғындар Цойға сұрақ қойды.
"Бұл мәселе қазір талқыланып жатыр, соның ішінде шетелде де. Қазіргі уақытта әлемде қозғалысты шектеу бойынша нақты белгіленген нормативтік құжаттар жоқ. Бұл мәселе қазір қаралып жатыр", - деп жауап берді министр халыққа есеп беру кездесуінде.
Сонымен қатар, ол Қазақстан жеке ақпараттық жүйе дайындағанын айтты. Онда әрбір адам вакцинаның екі дозасын алғаннан кейін жеке паспорт алады.
"Негізінде, егер халықаралық заңнама өзгертілсе, біз әрқашан интеграцияға дайынбыз және ақпараттық жүйелеріміз басқа халықаралық жүйемен интеграцияға дайын. Қазіргі уақытта мұндай талаптар жоқ", - деді Цой.
Бұған дейін Цой Қазақстанда тағы бір санаттағы тұрғындар тегін вакцина салдыра алатынын айтқан еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также