ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қазан 2018 | 22:50
"Қазақстандық Вуйчич" ПСЖ жұлдыздарымен кездесті
Екі аяқсыз дүниеге келген астаналық он жастағы Әли Тұрғанбеков француздың ПСЖ командасының жұлдыздарымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Екі аяқсыз дүниеге келген астаналық он жастағы Әли Тұрғанбеков француздың ПСЖ командасының жұлдыздарымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кездесу Тұңғыш Президент қорының қолдауымен өтті. Француз клубының өкілдері қарсылық білдірмей, Әлиді өздері шақырған. Командадағы барлық ойыншы онымен суретке түскен. "Достар бұл ғажап! Жаратқанға алғыс білідіремін! Мен мұндайды түсімде де көрмес едім, бұл көптеген балалардың арманы, мен осыған қол жеткіздім, маған сенім көмектесті!", - деді Әли.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Ali_Amir_happy Али Турганбеков (@ali_amir_happy) 31 Окт 2018 в 7:04 PDT
Шілде айының соңында баланың анасы түркиялық мамандардың Әлиге жаңа протез жасаумен айналысып жатқанын мәлімдеген еді. Бір апта өткен соң, ол өзі жүре бастаған.
"Қазақстандық Вуйчич" Әли өз аяғымен мектепке барды
Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық бала Марадонаға видеоүндеу жариялаған еді. Ол әйгілі футболшымен кездескісі келетінін айтқан. Кейінірек оның арманы орныдалды. Әли мен Марадона бірге футбол ойнады.
Показать комментарии
Читайте также