25 мамыр 2023 | 09:17

Қазақстандық зерттеуші Путиннің кездесуінде көрсетілген Қазақия картасына қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

БАҚ Ресей президенті Владимир Путиннің Ресей Конституциялық сотының төрағасы Валерий Зоркинмен кездесуінде ежелгі карта талқыланғаны туралы жаңалықтар жариялады. Басқа мемлекеттердің арасында картада Казакия деген ел де белгіленген. Әлемнің тарихи карталарында Қазақ мемлекеті туралы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі филология ғылымдарының кандидаты, саясаттану докторы, профессор, Гумилев атындағы ЕҰУ қазіргі заманғы зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтан сұрап білген.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

БАҚ Ресей президенті Владимир Путиннің Ресей Конституциялық сотының төрағасы Валерий Зоркинмен кездесуінде ежелгі карта талқыланғаны туралы жаңалықтар жариялады. Басқа мемлекеттердің арасында картада Казакия деген ел де белгіленген. Әлемнің тарихи карталарында Қазақ мемлекеті туралы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі филология ғылымдарының кандидаты, саясаттану докторы, профессор, Гумилев атындағы ЕҰУ қазіргі заманғы зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтан сұрап білген.

Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың сөзінше, әр түрлі елдердің мұрағаттарында, мұражайларында, университеттерінде, картографиялық орталықтарында және коллекцияларында жұмыс істеген 17 жыл ішінде ғалым XV-XIX ғасырлардағы Қазақ мемлекетінің 2000-ға жуық картасын анықтаған. Бүгінде ол жеті томдық басылым бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, онда олардың барлығы таныстырылады. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 2021 жылдың қазан айында Мұхит-Ардагер Сыдықназаров Брюссельде XV-XIX ғасырлардағы Қазақ мемлекетінің 130 картасы енген атлас-кітап шығарған.

Реклама
Реклама

"Барлық еуропалық мемлекетте Қазақ мемлекеті өзінің түпнұсқа атауларымен бейнеленген карталар бар: Kosaki Orda, Cassackia, Kassakia, Kasakki Tartari Stati, Independent Kassaks, Royaume des Chazalgites, Royaume des Kassaks, Kassaccia Horda, Cosaques Errans, Cossaks, Cassaki, Cassaki Tartari, Cassachios, Cassachi, Kaski Tartari Stati, Kalzak Stati del Tartaro.

Мен тапқан ең алғашқы карта 1540 жылдан басталады. Ол Швейцарияның Базель қаласында жарық көрді және оны әйгілі ғалым, Базель университетінің профессоры Себастиан Мюнсетр - әйгілі "Космография" еңбегінің авторы жазды. Онда біздің мемлекетіміз кез келген заманауи қазақтың атымен - Kosaki Orda деп аталған", - дейді ЕҰУ қазіргі заманғы зерттеулер институтының директоры.

Сыдықназаровтың айтуынша, карталар ең маңызды және құнды жазбаша дереккөз болып саналады, себебі олардан демография, көші-қон, геральдика, әлеуметтану, статистика, топонимия, ономастика және тіпті ұлттық костюм тарихы туралы көптеген мәлімет алуға болады. Карталарды зерттеумен айналыса отырып, ғалым көптеген жаңалықтар ашты. Оның ішінде, ол казактардың автоэтнонимдерінің бірі (яғни өзін - өзі атау) "жете" сөзі (jetem немесе Gete-еуропалық карталарда) екенін анықтады.

"Карталар негізінен еуропалық көптілді нарыққа арналғандықтан, олар саяхатшылардан естігендей елдердің аттарын жазды. Мысалы, land of Kasaken - "қазақтар елі", ал төменде - Land of Jete - "Жете елі" деп жазылған. Немесе ағылшын тілінде - Jete Country. Jete - біз ұмытып кеткен эндоэтноним.

Бірақ біз оны ұмытып қалсақ та онда қазақ тілі, біздің қазіргі топонимдерімізде ол сақталып қалған. Мысалы, Жетісу немесе Жетісай сияқты өңірлер бар. Жетісу "жеті өзеннің шеті" дегенді білдірмейді. Онда олар 77 немесе одан да көп болуы мүмкін. Бұл "қазақ өзендерінің елі" дегенді білдіреді. Ал Жетісай - "қазақтардың таулы жерлері", - дейді маман.

Мұхит-Ардагер Сыдықназаров Қазақ мемлекеті барлық картографиялық дереккөздерде ғана емес, сонымен қатар, 1700 жылдан бастап еуропалық (және кейінірек американдық) география оқулықтарында геосаяси субъект ретінде тіркелгенін атап өтті.

"Жалпы, біз біреуге өз мемлекеттілігімізді дәлелдеуге міндетті емеспіз. Егер адам бірдеңе айтса, онда бұл факт әлемі мен ғылым әлемінің проблемасы емес. Бұл адамның өз проблемасы", - деп атап өтті профессор.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная