Қазақстандыққа көліктегі жазу үшін айыппұл салынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Қостанай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты көліктегі балағат сөздер жазылған жапсырма үшін жүргізуші әйелге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты көліктегі балағат сөздер жазылған жапсырма үшін жүргізуші әйелге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

10 маусымда әйелдің көлігінен бейәдеп сөздер жазылған жапсырма анықталған.

Әйел бұл әрекетімен жол қауіпсіздігіне назар аудартқысы келгенін және жол-көлік оқиғаларының алдын алуды көздегенін айтты. Оның айтуынша, мұндай ескерту сөздер жүк көліктерінде жиі кездеседі және оларда қорлау мәні жоқ.

Реклама
Реклама

"Алайда сот мұнымен келіскен жоқ. Автокөлік қала көшелерімен жүргендіктен және жазуды көпшілік көргендіктен, бұл әрекет қоғамға құрметсіздік пен қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағаланды.

Нәтижесінде әйел кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш (78 640 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл алды", - делінген хабарламада.

Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама