Қазақстандыққа “о дүниеден“ сәлемдеме жіберілген

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстандыққа “о дүниеден“ сәлемдеме жіберілген

Астананың киберполиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде қала тұрғынының алаяқпен сөйлескен сәтін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астананың киберполиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде қала тұрғынының алаяқпен сөйлескен сәтін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алаяқ өзін оператор ретінде таныстырып, қазақстандық әйелдің атына сәлемдеме келгенін, оны курьер жеткізіп беретінін айтқан.

Алайда жіберуші ретінде әйелдің 9 жыл бұрын қайтыс болған әкесінің аты аталған.

Реклама
Реклама

"Мен сізге әкемнің қайтыс болғаны туралы куәлігін көрсете аламын. Алдамас бұрын, алдымен бұл адам тірі ме, жоқ па, соны "тексеріп" алыңыздар. Ол 9 жыл бұрын қайтыс болды. Ұят болу керек қой", – деп әйел жауап берген.

Осыдан кейін қоңырау үзілген.

Көктемде қазақстандықтарға алаяқтардың жаңа схемасы туралы ескертілген. Белгісіз адамдар өздерін "Қазпошта" қызметкерлеріміз деп таныстырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама