Қазақстандықтар 15 миллион теңгенің трансформаторларын ұрлап, Қырғызстанға сатып жіберген

видео кадры

Ақтөбелік полицейлер трансформаторлар ұрлығын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбелік полицейлер трансформаторлар ұрлығын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде, құрылыс нысандарының аумағынан электр қуатының тоғыз трансформаторын ұрлады деген күдікпен Ақмола облысының екі тұрғыны ұсталды.

"Келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңгеден асады. Күдіктілер трансформаторларды манипуляторға тиеп алып кеткен. Көп ұзамай Қарағандыға жеткізіп, көрші елдің азаматтарына сатып жіберген. Тоғыз трансформатор тиелген жүк көлігін жедел қызметкерлер Қырғыз Республикасымен шекаралас жерде тоқтатты", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ұрлық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама