08 желтоқсан 2020 | 11:12

Қазақстандықтар 31 желтоқсанда неге демалмайды?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтар 31 желтоқсанда неге демалмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтар 31 желтоқсанда неге демалмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес мереке күндері қазақстандықтар жұмыс істемейтінін атап өтті.

Реклама
Реклама

"31 желтоқсан Қазақстанда мереке күніне жатпайды. Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес Үкімет жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында мереке күндерін басқа жұмыс күніне ауыстыруға құқы бар.

Үкіметтің 2019 жылғы 1 қарашадағы "2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы" қаулысына сәйкес жұмыс күні болып саналатын 31 желтоқсан демалыс күніне ауыстырылған жоқ", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, қазақстандықтар Жаңа жылда 1-4 қаңтар аралығында демалады.

Қазақстандықтар Жаңа жылда қанша күн демалады?

2021 жылдың 1-2 қаңтары ресми демалыс күндері болып саналады. Себебі, 2 қаңтар сенбі болғандықтан демалыс төртінші күнге, яғни дүйсенбіге ауыстырылады.

Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 1, 2, 3, 4 қаңтарда, ал алты күндік жұмыс аптасында - 1, 2, 3 қаңтар аралығында демалады.

Сонымен қатар, 7 қаңтар да мерекелік демалыс болып саналады. Бұл күні қазақстандықтар Рождествоны атап өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная