27 желтоқсан 2021 | 17:10

Қазақстандықтар ақауға байланысты жаңа көліктерін есепке қоя алмайды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Қазақстандықтар жаңа автокөліктерін ХҚКО-да тіркей алмағанына шағымданды. Мәселені "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері растап, мән-жайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар жаңа автокөліктерін ХҚКО-да тіркей алмағанына шағымданды. Мәселені "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері растап, мән-жайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтар техникалық ақауға байланысты жаңа автокөліктерін тіркей алмаған.

"Автокөлікті несиеге алғандарға салон 29-30 желтоқсанға дейін төлем жасау туралы шарт қойып отыр. Бірақ база жұмыс істемегесін, мәселе туған", - деп шағымданды автокөлік иелері.

Реклама
Реклама

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында салоннан сатып алынатын жаңа автокөліктерді тіркеудегі мәселе Қаржы министрлігінің МКК базасындағы техникалық ақауға байланысты екенін түсіндірді.

"МКК жұмысындағы ақауға байланысты базадан деректер ХҚКО ақпараттық жүйесіне тартылмайды. Сондықтан автосалоннан сатып алынған жаңа көліктерді есепке алу қызметі уақытша қолжетімсіз. Жауапты орган тарапынан ақауды жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жүргізушілер түсінеді деп үміттенеміз, келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Жүйенің қалпына келтірілуі және жаңа көліктерді тіркеу бойынша қызметтің жаңартылуы туралы қосымша хабарланады", - деп мәлімдеді Мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі өкілі.

Шағымдар жұмада түсе бастаған, алайда Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәліметінше, мәселе бүгін ғана пайда болған.

"27 желтоқсанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.00-де кедендік транзит рәсіміне сәйкес тауар тасымалдануын бақылау кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл тоқтатылды.

Мына ақпараттық жүйелер тоқтатылды: ХҚКО АЖ, АЖ таңбалау, электрон шот-фактуралар АЖ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (Көлік құралына кедендік декларация/поезд тапсыру ведомосы), ЕАЭО елдерімен халықаралық тасымалдау, көлік құралын және жеке пайдалануға арналған көлік құралын уақытша әкелу бойынша", - делінген хабарламада.

Қазір МКК ақпараттық өзара іс-қимылды қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Жүйе қалпына келтірілсе, қосымша хабарланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная