ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 29 қаңтар 2025 10:34
Қазақстандықтар ақпанда қанша күн демалады: күнтізбе
Ақпан – ең қысқа ай. Ресми мерекелердің болмауына қарамастан, қазақстандықтар бұл айда демалыс күндерін толық пайдалана алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпанда қалай демаламыз?
2025 жылғы ақпандағы күнтізбеге сәйкес:
- Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін – 8 демалыс және 20 жұмыс күні бар.
- Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін – 4 демалыс және 24 жұмыс күні бар.
Ақпандағы демалыс күндері
Бес күндік жұмыс аптасы үшін: 1, 8, 15, 22 ақпан – сенбі; 2, 9, 16, 23 ақпан – жексенбі.
Алты күндік жұмыс аптасы үшін: 2, 9, 16, 23 ақпан – жексенбі.
Ақпанда атап өтілетін атаулы күндер
Ресми мерекелер болмағанымен, ақпанда бірнеше маңызды дата бар:
- 1 ақпан – Қазақстанның азаматтық авиация қызметкерлері күні;
- 2 ақпан – Ұлттық баспасөз күні;
- 15 ақпан – Кеңес әскерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күні.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу