16 ақпан 2024 14:44

Қазақстандықтар алдағы демалыс күндері қандай ауа райына дайын болуы керек?

Фото:depositphotos.com

Синоптиктер Қазақстанда 17, 18 және 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Қазақстанда 17, 18 және 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтар болжамы бойынша, Қазақстандағы ауа райына арктикалық антициклон әсер етеді. Аяз сақталады, тек республиканың оңтүстік-шығысында 17 ақпанда атмосфералық фронттар ықпалынан қар жауады, таулы аймақтарда – қалың қар, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Реклама
Реклама

"Республиканың солтүстік және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде 30-38, күндіз 20-28. Республиканың оңтүстік-шығысында түнде 15-25, тауларда 30-35 градус, күндіз 10-25 градус аязға дейін төмендейді деп күтіледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram