Қазақстандықтар әлеуметтік төлемдерді цифрлық теңгемен қашан алатыны белгілі болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ұлттық банктің төрағасы Ғалымжан Пірматов қазақстандықтардың әлеуметтік төлемдерді цифрлық теңгемен қашан алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банктің төрағасы Ғалымжан Пірматов қазақстандықтардың әлеуметтік төлемдерді цифрлық теңгемен қашан алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Цифрлық теңгеге келетін болсақ, барлығы жоспар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Естеріңізде болса, біз оның толық кіріспесін жасауды бірнеше жылға создық. Биыл біз пилоттық мемлекеттік органдар мен пилоттық әлеуметтік төлемдерді іріктеу процесіндеміз.

Яғни, жыл соңына қарай қазақстандықтар белгілі бір әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және біздің пилоттық жобамызға түсетін мемлекеттік органдарда мемлекеттік сатып алуларға қатысу бойынша цифрлық теңгені нақты пайдалана алады", - деді Пірматов Ұлттық банктегі брифингте.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама