ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 06 қазан 2020 15:06
Қазақстандықтар алғашқы қардың видеоларын жариялап жатыр
Қазақстанның кейбір аймақтарында алғашқы қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Instagram желісіндегі krispi_almaty парақшасында Алматыда жауған қардың видеосы пайда болды.
Қала тұрғындары қардың әл-Фараби көшесінен жоғары тауларға жақын аумақта жауғанын айтады.
Алматы облысының тұрғындары да қардың жауғанын айтып жатыр.
Сәтбаев пен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы тұрғындары да қардың фотосы мен видеосын жариялап жатыр.
"Қазгидромет" синоптиктері жақын күндері көптеген аймақта ауа райы солтүстік-батыстан келетін суық антициклонмен байланысты болатынын айтады. Синоптиктердің болжамынша, солтүстік және шығыс, орталық, оңтүстік-шығыс өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу