23 мамыр 2023 | 14:38

Қазақстандықтар алкогольді көп тұтына бастады - статистика

Қазақстандықтар алкогольді көп тұтына бастады. Ұлттық статистика бюросының деректерін Data Hub сарапшылары сараптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар алкогольді көп тұтына бастады. Ұлттық статистика бюросының деректерін Data Hub сарапшылары сараптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының (ҚР BNS ASPiR) мәліметтері бойынша 2023 жылдың бірінші тоқсанында ішкі нарықтағы алкоголь өнімдерінің сатылу көлемі:

  • Арақ - 21,6 миллион литр. Бұл 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 51,1 пайызға артық;
  • Коньяк - 8,2 миллион литр. Өткен жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда 2,9 есе көп;
  • Шарап - 8,4 миллион литр. Өсім - 17 пайыз;
  • Жарқыраған шарап - 845,7 мың литр. Өсім 55,1 пайыз.
Реклама
Реклама

Бірақ сыраны сату бір жылда 13,5 пайызға төмендеп, 151,2 миллион литрді құраған.

"Арақ өндірушілер өндірісті 1,5 еседен астамға (19 миллион литрге дейін) арттырып, экспортты 40 пайызға (328 мың литрге дейін) қысқартты. Коньяк бойынша өндіріс 2,6 есеге (6 миллион тоннаға дейін), ал импорт 4,3 есеге (4,4 миллионға дейін) өсті. 2,2 миллион литр экспортталды", - деп атап өтті Data Hub.

Ал шарапқа келсек отандық өндіріс те, импорт та өсті.

"Ал, сыраға келетін болсақ, өндіріс 14,1 пайызға (137 миллион литрге дейін) төмендеді, бірақ импорт өсті (12,1 пайызға, 18,4 миллион литрге дейін). Өндіріс төмендегендіктен экспортты 3, 8 есеге арттыруға тура келді 4,1 миллион литр", - деп қорытындылады сарапшылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная