Қазақстандықтар БЖЗҚ-да қанша ақша жинаған: жаңа сома аталды

Қазақстандықтар БЖЗҚ-да қанша ақша жинаған: жаңа сома аталды Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) зейнетақы активтері жыл басынан бері 6,7 пайызға өсті. Жинақтардың нақты сомасын үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, қазіргі уақытта жинақ сомасы 26,8 триллион теңгеге жеткен.

"Инвестициялық табыс көлемі 1,1 триллион теңге, зейнетақы жарналары 1,5 триллион теңге болды", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Жарнама
Жарнама

Бұл ретте БЖЗҚ-дан мерзімінен бұрын алынған қаражат көлемі 404 миллиард теңге болған.

Ұлттық банк басшысы елдің халықаралық резервтері бойынша да мәліметтерді ұсынды. Маусымның аяғындағы жағдай бойынша олардың жалпы көлемі 127 миллиард доллар, оның ішінде алтын-валюта резервтері 62 миллиард доллардан асқан.

Ұлттық қордың активтері 2 пайызға артып, 65 миллиард доллардан асты. Бірінші жартыжылдықта Ұлттық қорға 1,9 триллион теңге түсті. Дәл осындай сома республикалық бюджетке трансферт түрінде аударылды.

"Ұлттық қордың алты айдағы инвестициялық табысы 2,9 пайыз немесе 1,9 миллиард доллар болды", - деп толықтырды Сүлейменов.

Жеткілікті шектің өзгеруі

Бұған дейін БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану үшін ең төменгі жеткілікті шекті қайта қараған болатын. Әдістеме өзгергеннен кейін зейнетақысының артылған сомасын пайдалана алатын қазақстандықтардың саны 502 мыңнан 30 мың адамға дейін қысқарды. Қордағылар жаңа жүйе азаматтарды зейнетке шыққаннан кейін зейнетақы төлемдерінің жоғары деңгейімен қамтамасыз етуі тиіс екенін түсіндірді.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама