28 желтоқсан 2016 19:07

Қазақстандықтар енді АҚШ-қа 10 жылға виза ашып, бара алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасы азаматтары үшін ұзақ мерзімді іскерлік және туристік визаларды енгізетінін хабарлады. 2016 жылдың 29 желтоқсаннан бастап қазақстандық білікті талапкерлер АҚШ-қа бірнеше сапарға жарамды визаны он жыл мерзімге ала алады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

"Он жылға жарамды іскерлік және туристік визаның енгізілуі қазақстандық және американдық азаматтарға өздерінің сапарларын жоспарлауға қосымша уақыт береді және визаны толтыру жөнінде көп мазаланбауға мүмкіндік береді", - деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол.

Визалық талаптарды екіжақты жеңілдету жөніндегі хабарлама Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығын атап өтуімен сай келіп отыр. Елші Крол, бұл мерейтой жайлы "Бұл жаңалық екі ел арасындағы соңғы жиырма бес жылда орнаған мызғымас серіктестік пен алдағы ондаған жылдарда АҚШ-тың Қазақстан халқымен достығына беріктігін білдіреді", - деп атап айтты.

Осымен бір мезгілде Қазақстан Сыртқы істер министрлігі американдық бизнес және туризм саяхатшылары үшін Қазақстанға келуге он жылға жарамды виза енгізді. Сонымен қатар, 1 қаңтардан бастап Қазақстанға 30 күннен аз уақытқа келетін АҚШ азаматтары үшін виза керек болмайтын болды.

Іскерлік немесе туристік виза алуға өтініш берудің құны 160 доллар болып қалады. Виза үрдісі туралы толық ақпарат мына сайтта: https://www.ustraveldocs.com/kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети