07 желтоқсан 2020 20:59

Қазақстандықтар енді зейнетақыны Ресей, Беларусь және Армения елдерінде ала алады

Фото: Тұрар Қазанғапов / TENGRINEWS

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Келісім күшіне енгенде ЕАЭО азаматтары ЕАЭО-ға мүше басқа елдердегі еңбегі бойынша зейнетақы құқығын қалыптастыру, сақтау және жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады. Ал Одаққа мүше әрбір ел өзінің ұлттық заңнамасы негізінде өз аумағында еңбек еткен азаматқа үйлесімді зейнетақы төлейді. Яғни, еңбек мигранты сол елдің зейнетақы қорына жарна аударып, қаражат жинайды. Кейін сол елдің заңнамасы бойынша өзіне тағайындалған зейнетақы төлемдерін осы елде немесе өзінің туған еліне аудару арқылы алады.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram