“Қазақстандықтар Гарвардтан шығарылып жатыр“: министрлік не дейді?

Фото:depositphotos.com

Ғылым және жоғары білім министрлігі Гарвард университетіне қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрлігі Гарвард университетіне қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қандай жағдай болды?

Жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды. Себебі университет өткен айда Ішкі қауіпсіздік министрлігі сұраған, шетелдік студенттердің мінез-құлқы туралы жазбаларды беруден бас тартқан. Осыған байланысты ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм өз ведомствосына Гарвардтың студенттік және айырбас бағдарламасына сертификат беруді тоқтатуды бұйырған.

Реклама
Реклама

Осылайша ведомство енді Гарвард "шетелдік студенттерді қабылдай алмайтынын, ал қазір оқитын шетелдік студенттер ауысуы немесе заңды мәртебесін жоюы керек" екенін мәлімдеді.

Министрліктің реакциясы

Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз хатшысы Олжас Беркінбаев осы жағдайға пікір білдірді.

"Бүгінде "Болашақ" бағдарламасы бойынша Гарвардта 7 адам білім алып жатыр. Басқа бағдарламалар немесе өз қаражатына оқып жатқан студенттер туралы мәлімет бізде жоқ. Мұндай жағдайлар бойынша тиісті сауалдар жолданады", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама