ПОДЕЛИТЬСЯ
05 мамыр 2022 | 11:59
Қазақстандықтар ХҚКО-да құжатқа суретті өзі таңдай алады
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының төрағасы Сүйеніш Әбділдин Қазақстандық ХҚКО-лар үшін қандай жаңалықтар дайындалып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның сөзінше, "Азаматтарға арналған үкімет" Қазақстан ІІМ-мен бірлесіп ХҚКО-ларда өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын енгізу бойынша жоба әзірледі. Олар биометриялық жүйемен және түсінікті интерфейспен жабдықталған.
"Клиенттер өз бетінше келіп суретке түсіп, ең жақсысын өзі таңдап, көші-қон қызметкерлеріне өтініш жібере алады. Қазіргі уақытта бірлескен бұйрыққа қол қою мәселесі шешіліп жатыр. Жақын арада Нұр-Сұлтан қаласында осы терминалдарды іске қосамыз", - деді ол ОКҚ брифингінде.
2021 жылы елімізде 2,4 миллион жеке куәлік пен төлқұжат рәсімделген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также