05 ақпан 2020 | 13:00

Қазақстандықтар Instagram желісінде рұқсатсыз лотерея өткізе алмайды

© pixabay.com

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарға әлеуметтік желіде арнайы келісімшартсыз лотерея өткізуге тыйым салынатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарға әлеуметтік желіде арнайы келісімшартсыз лотерея өткізуге тыйым салынатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Лотерея және лотерея саласы заңы жобасында лотерея операторының қатысуынсыз өтетін, лотерея операторымен лотерея өткізу туралы рұқсат қағазы болмаса, онда кез келген ойын заңсыз деп танылады және лотерея болып саналмайды", - деді министр "қазақстандықтарға Instagram желісінде лотерея ойнатуға тыйым салына ма?" деген сұраққа. 

Реклама
Реклама

Журналистер Instagram және басқа да әлеуметтік желілерде блогерлердің көптеген байқау және ұтыс ойындарын өткізетінін айтты. Бұған министр былай деп жауап берді: "Заң бойынша мұны лотерея деп айта алмаймыз. Сол шаралардың жарнамасы (лотерея деп айтылады, бірақ іс жүзінде олай емес) қудаланады және жауапқа тартылады. Ұтыс ойындары лотерея деп аталмауы керек. Екеуі екі бөлек ұғым". 

Ақтоты Раймқұлова лотерея мен ұтыс ойындарының айырмашылығын түсіндірді. 

"Лотерея - белгілері бар қызмет түрі. Негізгі белгісі - егер лотерея операторы бар болса және ақша салушы лотерея қатысушысы болса. Бұл қаражат топтала келе аппарат кешені бойынша ойнатылады. Қатысушылардан жиналған қаражат, біреулер ұтып жатады. Егер бұл белгілері болмаса, ол онда лотерея деп аталмайды", - деді мәдениет және спорт министрі. 

Еске салайық, Мәжілісте лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Қазақстанда заңсыз лотерея жарнамасына тыйым салу жоспарланып отыр. "Егер лотерея қызметін жарнамалау үшін пайдаланылатын болса, "лотерея" сөзін қолдануға тыйым салынбайды, бұл тек лотерея операторы мен агент арасында жасалатын шарт негізінде лотерея операторы мен таратушы, агент үшін ғана берілетін құқық", - деп түсіндірді министр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная