29 наурыз 2021 | 15:26

Қазақстандықтар Интернет нашарлай бастағанына шағымданды

Фото: Tengrinews.kz

Қазақстандықтар Интернет жұмысы нашарлай бастағанын айтты. Кейбір сайттарға кіру мүмкін болмай, байланыс жылдамдығы азайып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар Интернет жұмысы нашарлай бастағанын айтты. Кейбір сайттарға кіру мүмкін болмай, байланыс жылдамдығы азайып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда Интернет жұмысы таңертеңнен бері бәсеңдеп кеткен, "Қазақтелеком", Altel, "Алма ТВ" қолданушылары шағымдана бастады. 

Сонымен қатар, кейбір шетелдік сайттарға кіру мүмкін болмай отыр. 

Реклама
Реклама

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, олардың тарапынан ешқандай шектеу болмаған. Бірақ министрлік жағдайды реттейтіндерін хабарлады.  

"Ауа райына байланысты кей жерлерде байланыс нашарлауы мүмкін. Бірақ Қазақстан бойынша немесе қалалар бойынша ондай ақау тіркелмеді. Әдетте үлкен ақау болғанда бізде бірден проблемалық билет ашылады. Ал егер кей жерлерде ғана болса, абоненттер 165 номеры бойынша хабарласа алады", - деді "Қазақтелеком" компаниясының баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сонымен қатар, компания өкілдері желіде ешқандай ақау тіркелмегенін айтты.  

"Абоненттерге қызмет штаттық режим бойынша көрсетіліп жатыр. Қолданушылар тарапынан жаппай өтініш түскен жоқ", - деді компания өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная