ПОДЕЛИТЬСЯ
25 тамыз 2023 | 14:41
Қазақстандықтар жаңа ипотекалық бағдарламаларға үміт арта ала ма?
Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов жаңа ипотекалық бағдарламалар туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов жаңа ипотекалық бағдарламалар туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстандықтар әлі де жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы болады деп үміттенеді. Оған үміт арта аламыз ба? Бұл мәселе Ұлттық банк күн тәртібінде бар ма?" – деп сұрады журналистер брифинг барысында Пірматовтан.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, күн тәртібінде ипотекалық несиелерді қаржыландыру бойынша қандай да бір жеңілдік бағдарламалар қарастырылмаған.
"Ұлттық банктің экономиканы қаржыландыруға қандай да бір қолдау көрсетуге қатыспауын дұрыс деп санайтынымызды және соны қалайтынымызды бірнеше рет айттық. Бұл жеңілдетілген қаржыландырудың барлығы басты мақсатымыз – инфляцияны төмендету және оны төмен деңгейде ұстауға қайшы келеді. Қазақстандықтардың баспана алуына мемлекеттік қолдау болуы керек. Бірақ ол Ұлттық банк есебінен емес, республикалық бюджет есебінен қамтамасыз етілуі керек", - деп жауап берді Ғалымжан Пірматов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также