18 тамыз 2020 09:21

Қазақстандықтар жаппай БАӘ-ге жолдама сатып алып жатыр

Фото: © elements.envato.com

Қазақстандықтар әуе қатынасы қалпына келген соң Біріккен Араб Әмірліктеріне туристік жолдамаларды жаппай сатып алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар әуе қатынасы қалпына келген соң Біріккен Араб Әмірліктеріне туристік жолдамаларды жаппай сатып алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Мыңға жуық қазақстандық осы БАӘ-ден жолдама сатып алған. Алдағы уақытта Дубайға ұшатын ұшақтарда орын қалмаған. 

Реклама
Реклама

"Әмірліктерге ұшатын алдағы 3 рейске орын қалған жоқ. Ал Түркияға қатысты консультация беріп жатырмыз. Біз де жағдайды бақылап отырмыз. Себебі, нарықтың басым бөлігі чартерлік рейстер мен оның бағдарламасын күтіп отыр", - дейді "Туристiк қамқор" корпоратив қорының төрайымы Инна Рей.

Қазақстандық әуе компаниялары БАӘ-ден бөлек 6 елге ұша бастаған. Оның ішінде Украина, Беларусь, Германия, Нидерланды және Мысыр бар. Қазақстан заңды түрде 20 елмен шекарасын ашқан. Алайда Қытай, Үндістан, Польша, Өзбекстанға Қазақстан арқылы бару әзірше мүмкін емес. 

Сонымен қатар Испания, Италия, Ұлыбритания және тағы басқа елдерге баруға тыйым салынған. Тіпті, транзитпен де бару мүмкін емес.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram