ПОДЕЛИТЬСЯ
08 сәуір 2021 | 17:11
Қазақстандықтар Желіде "келесі пандемияны" талқылап жатыр
Қазақстандықтар Желіде табылған "The Spars Pandemic 2025-2028" деп аталатын құжатты бөлісіп жатыр. Кейбіреулердің пікірінше, бұл әлемдік үкімет әзірлеген алдағы пандемияның нақты сценарийі. Stopfake.kz ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандықтар Желіде табылған "The Spars Pandemic 2025-2028" деп аталатын құжатты бөлісіп жатыр. Кейбіреулердің пікірінше, бұл әлемдік үкімет әзірлеген алдағы пандемияның нақты сценарийі. Stopfake.kz ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шын мәнінде, құжат әлемдік Үкіметтің қателігінен Интернетте тараған құпия жоба емес. Бұл - Джонс Хопкинс университетінің мамандары денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық коммуникация қызметкерлері мен қауіп-қатер байланысын зерттеушілерге арнап дайындаған кітап. Ол көпшілікке қол жетімді және оны кез келген адам жүктей алады.
"PDF басылымның алтыншы бетінде "бұл жұқпалы аурудың табиғи өршуі кезінде пайда болуы мүмкін қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы коммуникациялардың қауіптері мен қиындықтарын және жаңа және/немесе зерттелетін дәрі-дәрмекті, вакциналарды, терапевтік әдістерді немесе басқа да медициналық қарсы шараларды әзірлеу және тарату қажеттілігін суреттеу үшін әзірленген гипотетикалық сценарий" деп жазылған", - деп жазылған басылымда.
Кітапта өз бетінше орындауға арналған бірқатар жаттығулар мен байланыс мамандары үшін практикалық ұсыныстар берілген және қауіптер туралы хабарлау, қауесеттерді басқару, ведомствоаралық үйлестіру және хабарламалардың келісілуі, проблемаларды басқару, БАҚ-пен ескертпелі және реактивті қатынастар, мәдени құзыреттілік және этикалық мәселелер жазылған.
"COVID-диссиденттер пандемияның қолдан жасалғанын бұған дейін де дәлелдеуге тырысқан. Бұл теория 2019 жылы өткен "Оқиға 201" пандемия оқу-жаттығуларына негізделген еді. Алайда оқу-жаттығулар мен нақты пандемияның арасындағы байланыс бірнеше рет теріске шығарылды, өйткені бұл теорияға ешқандай дәлел табылған жоқ. Сонымен қатар, пандемиялық оқу-жаттығулар ұдайы өткізіліп тұрады және олар үшін түрлі вирустар, бактериялар және басқа патогендер кіретін сценарийлер дайындалады", - деді Stopfake.kz өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также