15 желтоқсан 2020 | 19:57

Қазақстандықтар жетістікке жеткен отандастарының мотивациялық сессияларына қатысты

Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жетістікке жеткен қазақстандықтардың қатысуымен тегін мотивациялық сессиялар ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жетістікке жеткен қазақстандықтардың қатысуымен тегін мотивациялық сессиялар ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онлайн-шара 15 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сайтында (https://fnn.kz/) өтті. Форум Қор жобаларына қатысушыларды, белсенді жастарды, еліміздің барлық өңірлеріндегі студенттер мен оқушыларды қамтыды.

Реклама
Реклама

Шара барысында танымал қазақстандық спикерлер - спортшылар, кәсіпкерлер, блогерлер және сарапшылар тақырыптық мотивациялық сессиялар өткізді.

Өркен Кенжебектің "Фактчекинг" тақырыбына арналған сессиясы үлкен қызығушылық оятты. Атышулы жарияланымдар бойынша кейстерді талдай отырып, спикер фейк жаңалықты шынайы ақпараттан қалай ажыратуға болатынын айтып берді. Бұл тақырып аса өзекті, өйткені пандемия басталғалы адамдар жалған ақпараттың таралуына байланысты өзін-өзі емдей бастағаны баршамызға мәлім.

Digital саласындағы кәсіпкерліктің құпияларымен Сhocofamily Holding негізін қалаушы және CEO Рамиль Мухоряпов бөлісті.

"Табысты бизнестің ең басты ингредиенті - еңбек. Ақша қоғам үшін жақсы жерде болады. Мұны мен ойлап тапқан жоқпын, бұл ережені ағылшын экономисті Адам Смит жасаған. Ол "нарықтың көрінбейтін қолы" деп аталады. Осылайша, ақша табуға тырыса отырып, сіз клиенттеріңізге қолайлы жағдай жасайсыз. Клиенттер сізден сатып алғанды жөн көруі тиіс. Өз қалаңызда немесе өз салаңызда үздік болуға тырыспаңыз, бүкіл әлемде үздік болуға ұмтылу керек - үздіктердің тәжірибесін зерттеу және ұдайы бизнестің осы түрі үшін сен не істей алатыныңды ойлау керек", - дейді Рамиль Мухоряпов.

Пауэрлифтингтен Азия чемпионы Валихан Тен биохакингтің көмегімен әдемі қартаюы туралы баяндады. Сонымен қатар, салауатты өмір салтына арналған сессияға паралимпиадалық спортшы және мотиватор Серік Есматов қатысып, оған алға жылжуға көмектесетін дағдылар туралы айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік, шара Елбасының "Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ" атты бастамалар форумы аясында өтті, барлық сессиялардың жазбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сайтында баршаңызға қолжетімді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная